//
Салыхан Полатов Жаңалықтар 

Құрылыс басқармасына жаңа басшы келді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Салыхан Полатов тағайындалды. Бұл тағайындау конкурс нәтижелері бойынша жүзеге асып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салыхан Полатов
Салыхан Полатов

Салыхан Сабырұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-металлург, экономист.

Еңбек жолын 1982 жылы Манкентживмаш зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1983-2005 жылдары Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, аға шебері, «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ басқарма бастығының орынбасары, атқарушы директорының коммерция бойынша орынбасары, «Южполиметалл» ЖАҚ директорының орынбасары болып еңбек еткен.

2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Отырар ауданының әкімі қызметін атқарған. 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып болып қызмет етіп келді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz