//
"Самал" базарының жанында әйелді жүк көлігі қағып кетті Жаңалықтар 

Қайғылы жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

Оңтүстіктің полицейлері жаяу жүргіншіні қағу фактісіне қатысты қылмысты іс қозғады.
Еске салар болсақ, қайғылы жағдай 6 сәуірі күні күндізгі сағат 14:45 шамасныда болған. Шымкент қаласындағы Тұрар Рысқұлов даңғылында 51 жастағы Шымкент тұрғыны «Daf» маркалы жүк көлігімен әйел адамды басып кетті.

"Самал" базарының жанында әйелді жүк көлігі қағып кеттіСоның салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған жәбірленуші оқиға орнында мерт болған. Сол жерге шақырту бойынша жеткен полицейлер марқұмның жеке басын анықтады. Ол 1961 жылы туған Арыс ауданының тұрғыны болып шықты.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 345-бабымен (өлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) қылмысты іс қозғалды.

Жүк көлігі ақылы айыптұраққа қойылған. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz