Қарағандыда «Оңтүстіктің қазынасы» таныстырылды

583

«Қазыналы Оңтүстік». Қарағанды облысында күнгейдің мәдениет күндері өрбіді. С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрындағы мерекелік ашылу салтанатына арқадағы ағайын мен облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған Оңтүстіктегі мәдениет саласының өкілдері-өнерпаздары жиналды.

IMG_3267

IMG_3378

Алдымен жерлестеріміз біздегі 24 мұражайдың құнды жәдігерлерін таныстырды, онда тоқсан тарау толқымалы тарихты бойына бұққан бұйымдармен қатар жергілікті  авторларға тиесілі кітап-қазыналар да болды. Қолөнер шеберлерінің еңбектері де көрменің төрінен табылды.

IMG_3325

IMG_3244

IMG_3344

IMG_3349

Айнагүл Қырықбаева, Қарағанды облысының тұрғыны: «Оңтүстіктің шежірелі, тарихи облыс екенін жақсы білеміз. Бұған дейін тек кітаптардан оқып жүрген дүниелерді көзбен көруге мүмкіндік алдық, сондықтан6 ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз! Әсіресе Кенесары ханның қылышына қызығушылығымыз артты, суретке түсіп, өзімізге естелік етіп сақтап қойдық».

IMG_3387

IMG_3350

IMG_3264

Гүлнәр Аренова, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының директоры: «Б.з.б. І ғасырдан бастап біздің заманымызға дейінгі, тіпті, бүгінгі азат елдің ақ таңын таныстыратын құнды қазына-жәдігерлер осында. Көзіміздің қарашығындай сақтаған тарихи туындыларды жасақтап, жұртшылыққа әкелуді жөн көрдік. Ал тақырып мен жәдігерлердің төркіні түсінікті болуы үшін қазір оларды бірнеше бөлімдер арқылы жайғастырдық. Мәселен, «Тамылжыған табиғат», «Тереңнен тамыр тартқан тарих», «Тарихтағы ақиқат пен ақтаңдақ», «Елбасы және Елмұраты Тәуелсіздік», «Қолөнерім – өнегем», «Тұғыры биік тұлғалар» деген тақырыптар. Сонау Сауран, Сайрам, Өгем, Қарт Қаратау жотасы мен Ақсу-Жабағылы қорығының өткені мен бүгінін бейнелейтін бұйымдар мен фотосуреттерді де әкелдік. Қазақстанның қазба байлықтарын да таныстырып, еліміздің қазіргі экономикалық дамуын көрсететін дүниелер де көрмеде жинақталып, жұртшылыққа жол тартып отыр».

IMG_3396

«Шырайлы Оңтүстік шежіресі» атты аталған тарихи-танымдық көрмеге 500-ден астам жәдігер қойылған. Сондай-ақ, өңіріміздегі бейнелеу өнерінің қорында сақталған қылқалам шеберелерінің шығарма-қазыналары да қарағандылықтардың назарына ұсынылды. «Қазақ хандары», «Ел тағдыры», «Аманат» сынды мазмұнды еңбектерді көрген көпшілік, залды қаумалап, ондағы дүниелермен суретке түсуді ұмытқан жоқ. Ал мұражай мамандары көпшілік үшін мұндағы әрбір жәдігер-туындыға жекелей тоқталып, етене таныстырды.

Бұдан соң облыстық мәдениет басқармасының басшылығы қарағандылық журналистермен кездесіп, баспасөз жиынын өткізді. Күнгейдегі мәдениет саласының тыныс-тіршілігімен таныстырып, айтулы жетістіктерін марқая жеткізді.

IMG_3431

Күлия Айдарбекова, ОҚО мәдениет басқармасының басшысы: «Бүгінде өңірімізде 738 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде 423 кітапхана, 261 клуб, 25 музей, 1 көркемсурет галереясы, 8 кәсіби театр, 8 саябақ, 4 мәдениет және өнер орталықтары, облыстық филармония, «Оңтүстік фильм» мекемесі, «Оңтүстік Цирк», «Түркістан сарайы», зообақ, көрме орталығы бар. Соңғы 6 жылда облыста 43 мәдениет және өнер мекемесі, 6 мемориал, саябақ, кешен, алаң, гүлзарлар ашылды. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта ешбір өңірде 8 бірдей театрды облыстық бюджет қаржыландырмайды, тек бізде ғана облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың бастамасымен бар жағдай жасалып отыр. Соның нәтижесінде театрлар өткен жылы 52 премьералық спектакльді сахналап, елдің алғысын арқалады».