//
Жолақы Жаңалықтар 

Шымкентте 1 мамырдан бастап жолақы қымбаттайды

Шымкентте 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктердегі жол жүру билетінің бағасы қымбаттайды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев осы ақпаратты растады.

ЖолақыБұған дейін де жолақы мамыр айының бірінші жұлдызынан бастап 70 теңгеге көтерілетінін айтқан болатынбыз. Сала басшысының айтуынша, көліктердің қосалқы бөлшектерінің қымбаттауы жолақыны көтеруге негізі себеп болған.

Қоғамдық көліктер қызметінің сапасыздығы мен “Южавтотранс” қауымдастығының ұсынысы бірнеше рет талқыға түскен де болатын. Қоғамдық тыңдау өткізіліп, қарашаның пікіре де ескерілген дейді жауаптылар. Ал қала әкімінің тапсырмасына сай студенттер мен жастар қоғамдық көліктерде 50 теңгемен жүреді. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбекерлеріне және алтын, күміс алқалы аналарға жеңілдік жасалған. 1 мамырдан бастап бұл азаматтар автобуста тегін қатынайды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz