//
6 сәуір - тергеушілер күні Жаңалықтар 

Оңтүстіктің тергеушілері республика бойынша алда келеді

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде тергеу басқармасының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Биыл Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу органдарының құрылғанына 53 жыл толып отыр.

ОҚО ІІД тергеу басқармасы – бұл департаменттің таңдаулы басқармаларының бірі. Қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктіліктерімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында үлкен беделге ие. Қылмыстық істерді жинақтау, жүйелеу, рәсімдеу және сотқа жолдау тергеушілердің бірінші орындағы жұмысы және міндеті болып табылады.

6 сәуір - тергеушілер күні

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Оңтүстікте 264 тергеуші және 108 анықтаушы қызмет атқаруда. 2016 жылдың 1 тоқсанында облысы тергеушілері жалпы саны 5283 қылмысты істі тергеп бітті. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 84,1 пайызға артық. Соның ішінде 2140 қылмысты іс сотқа жолданып, өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 993 іске артып отыр.

6 сәуір - тергеушілер күні

Ал ауыр және аса ауыр қылмыс санатымен 655 қылмысты іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 293 қылмыстық іске немесе 83,2 пайызға артық.

Осыған орай облыста тергеуі аяқталған қылмысты істердің үлесі әр тергеушіге 12,8 істен тиіп отыр, ал республикалық көрсеткіш бойынша әр тергеушіге орта есеппен 6,4 қылмысты істен үлесті. Өңіріміздің әр тергеушісі орта есеппен 9 қылмысты істі сотқа жолдады, ар республикада бұл көрсеткіш бойынша әр тергеушіге орта есеппен 4,6 істен тиген. Осылайша Оңтүстіктің тергеушілер Қазақстан көлемінде сотқа жолданған қылмысты істердің саны бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр.

6 сәуір - тергеушілер күні

Бұл – биылдың үш айындағы Астана қалалық ішкі істер департаменті мен көліктегі ішкі істер департаментімен салыстырғанда 5 есеге артық көрсеткіш. Ал Жамбыл және Ақмола облыстарымен салыстырғанда 3,5 есеге көп.

Бұл жолғы салтанатты жиында жоғары көрсеткішке қол жеткізген тергеушілер ішкі істер министрінің медалдарымен, грамоталарымен, кеудеге белгілерімен және алғыс хаттарымен 7 қызметкер марапатталды. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Серік Арапбаев ішкі істер министрінің бұйрығымен жеделдетілген түрде полиция майоры шенін алды.

6 сәуір - тергеушілер күні

 

Сонымен қатар ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен 30-дан астам тергеуші грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

6 сәуір - тергеушілер күні

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz