//
900 млн теңгенің мектебі оқушыларды қабылдай алмай отыр Жаңалықтар 

900 млн теңгенің мектебі оқушыларды қабылдай алмай отыр

Шымкенттегі №85 мектептің шәкірттері жаңа тоқсанда жаңа білім ошағының табалдырығын тағы аттай алмады. Өйткені былтыр желтоқсанда пайдалануға берілген нысанда ауызсу жоқ. Оның үстіне білім ошағы оқушылар үшін тым қашық деп ата-аналар балаларын жібермеген.

900 млн теңгенің мектебі оқушыларды қабылдай алмай отыр

Бұл 900 орындық білім ошағын салу үшін бюджетен 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Конкурстың жеңімпазы атанған мердігер құрылысты аяқтадық деп ақпарат берген. Алайда алғашында көгілдір отын кіргізуде олқылық орын алса, енді ауызсу жеткізуде бірқатар қиындықтар туындапты. Құрылыс жүргізген “Жаңа арна 2002” ЖШС-нің өкілдері су берушілер талапты жиі өзгертеді деп ашынып отыр.

“Біз бәрін жобаға сай жасадық. Бірақ, “Су арнасы-Маркетинг” мекемесі есептегіш тұрған жәшікті ауыстыру керек деді. Оны да жасадық, енді екінші есептегіш және сүзгіш қойыңдар деп отыр. Түсінбей қалдық, қай талабын орындаймыз?”

Бұдан бөлек ауыл тұрғындары да жаңа мектепке балаларын жібергісі жоқ. Ата-аналар арызын айтып, біраз дау көтерді де. Олар бұл нысанның елдімекеннен қашық жатқанын алға тартты. Оқушылар 3 шақырымдай жаяу жүруге мәжбүр. Жолдың сиқы да сын көтермейді дейді.

900 млн теңгенің мектебі оқушыларды қабылдай алмай отыр

Ата-аналардың талабын орындау үшін Қаратау ауданының әкімі білім ошағына баратын төте жол салуға ұсыныс жолдапты. Ал оған дейін оқушыларды автобуспен тасымалдауды жоспарлап отыр.

Ал әзірге оқушылар ескі ғимаратта үш аусымда білім алуын жалғастыруда. Мектеп ұжымы жаңа нысанды әзірлеп, тек ауыз судың берілуін күтіп отыр.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz