Ақтаста оқушылар дәстүрлі әскери жиыны басталды

338
Ақтаста оқушылар дәстүрлі әскери жиыны басталды

Шымкент маңындағы Ақтас полигонында мектеп оқушылары арасындағы әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр. Үш мыңға жуық қатысушы бірнеше күн бойы түрлі әскери тапсырмаларды орындайтын болды. Алғашқы әскери өмірін осы ортада сезінетін жасөспірімдер қолдарына қару ұстауды, сапта тұруды, адымдауды толық үйренеді.

Ақтаста оқушылар дәстүрлі әскери жиыны басталды

Шухрат Каримов қолына алғаш рет қару ұстап, сапта тұрып үйренуде. Жас жігіттің арманы да осы болатын. Шынайы әскери өмірді басынан өткізіп жатқан жасөспірім жігіт берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындауда.

Әскери оқу-жаттығу жиынының әр күні өзінше тапсырмаларға толы. Сапқа тұруды үйренген жас сарбаздар суық қаруды шашып, қайта жинауды да меңгереді. Болашақ ел қорғандарына қойылған талап қатаң болғанымен, жасалған жағдай жақсы. Дәстүрлі оқу-жаттығудың салтанатты түрде ашылуына қала әкімінің өзі қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында жиналған аға буын өкілдері жастардың шапшаңдығына және әскери дайындықтарына тәнті болды. Жігерлеріне қарап, ертеңгі ел тыныштығын сеніп тапсыруға болатынын айтты.

Ғалымжан Кенжебек