//
Адасқан бүлдіршіннің ата-анасы табылды Жаңалықтар 

Адасқан бүлдіршіннің ата-анасы табылды

Шымкентте адасып кеткен сәбидің ата-анасы табылды. Көшеде жүрген баланы қаладағы 112-орамның тұрғындары кездестірген.

Адасқан бүлдіршіннің ата-анасы табылды

Жасы шамамен бестегі бала алғашында көп жылай берген. Үлкендер тек аты Миша екенін біліп үлгереді. Үсті-басы таза баланың суретін Инстаграм қолданушысы жариялап, ата-анасын іздестірген соң әлеуметтік желі қолданушылары жүздеп бөлісті.

Абырой болғанда бала біраз уақыттан соң жылауын тоқтатып, үйіне баратын жолды көрсетуге тырысқан. Сол маңдағы жасы 8-9 шамасындағы балалардың бірі бұл істе көп көмегін тигізді дейді әлеуметтік желі қолданушылары. Осылайша баланың ата-анасы табылып отыр.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz