//
Дәубаба шатқалына кеткен бүлдіршін мен әпкесі жоғалып кетті Жаңалықтар 

Апасымен бірге жоғалған бүлдіршінді іздеу жалғасуда

Оңтүстікте апасымен бірге жоғалған қыз әлі табылған жоқ. Қазір полиция барлық болжамды қарастырып отыр. Оның ішінде оқушы қыз ұрланған болуы мүмкін деген болжам да тексерілуде.

Дәубаба шатқалына кеткен бүлдіршін мен әпкесі жоғалып кетті

Еске салайық, Инабат Іңкәрбек пен Шымкенттен келген апасы Әшіргүл Баймұратова 17 сәуірден бері іздестірілуде. Ол екеуі Дәубаба ауылында тауға серуендеуге шыққан. Кешке шатқалды аралап жүргенде, жаңбыр жауып, айналаны тұман басып кетеді. Үйге оралмаған соң, туыстары тәртіп сақшыларына хабар береді.

Содан бері полиция, құтқарушылар, тіпті ауылдың ер мұғалімдері мен спорт мектептерінен жігіттер тартылып, ұзын-саны 400 адам жұмылдырылды. Иісшіл иттер де тау-тастың арасын тінтіп жатыр. Құтқарушылар әуеден квадрокоптермен де бақылап жатыр.

Тараздан тікұшақ шақыртылып, 60 шақырым жер шарланды. Ұлттық парк аумағы болғандықтан жоғалған қыз бен әйел жыртқыш аңға жолығуы да мүмкін дейді тәртіп сақшылары. Ал туыстары 56 жастағы отбасын құрмаған апалары Инабатты ұрлап әкетті деген болжамды да тексеруді сұрап отыр. Енді іздестіру жұмыстарына Ұлттық гвардияның 300 сарбазы қосылуы тиіс.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz