«Арман» гимназиясына — 22 жыл

Шымкенте алғашқы жекеменшік «Арман» гимназиясының ашылғанына — 22 жыл. Мерейтой құрметіне орай білім ұясы ұжымда танымдық сайыстар өткізді. Концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Ал өнерлі оқушылар мектебіне деген ықыласы мен ұстаздарына деген құрметін он саусақтың құдыретімен жеткізуге тырысыпты.

Гимназияда қолөнер мен бейнелеу өнерінің көрмесі арнайы қойылған. Мектеп басшылығының айтуынша, ұжым бүгінде үздік, белсенді балаларды түлету үшін заманаи бағыттағы білім бағдарламасына көшкен.

Ардақ Рысбекова, «Арман» гимназиясының директоры: «Бізде бір сыныпта 15 оқушы ғана білім алады. Бұл -талап! Педагог сапалы қызмет етуі үшін біз бар жағдайды жаасаймыз! Ағылшын тілін тереңдетіп оқимыз, бала бастауыш сыныпты тәмамдаған кездің өзінде ағылшынша жазып, сөйлей алады».

Бес күндік оқу жүйесі негізінде жұмыс жасайтын білім ұясы таңғы сағат 9-дан кешкі 17:30-ға дейінгі уақытты шәкірттерге бөлген. Оқушылар арасында тамақтану кестесіне үлгеріп, түрлі тиімді үйірмелерге қатысады, сабақтағы үй тапсырмаларын да осында орындайды. Спорттық сайыстар мен білім бәсекелеріне дайындығын пысықтап, ҰБТ тапсыру үшін қосымша пәндерді де мектепте меңгереді. Айта өтетін ақпар, бүгінде қаламыздағы «Арман» гимназиясында 500 оқушы бар. Оларға сапалы білім беру үшін 70-ке жуық педагог қызмет етеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР