//
"Астана Арланс" пен «Касикос Венесуэла» командалары Шымкентте жұдырықтасады Спорт 

“Астана Арланс” пен «Касикос Венесуэла» боксшылары Шымкентте жұдырықтасады

“Астана Арланс” пен «Касикос Венесуэла» бокс командалары Шымкентте жұдырықтасады. Дүниежүзілік бокс сериясының екі дүркін чемпионы “Astana Arlans” командасы өз қарсыластары «Касикос Венесуэла» командасымен бірге брифинг өткізді.

"Астана Арланс" пен «Касикос Венесуэла» командалары Шымкентте жұдырықтасады

Алдын ала белгілі болғандай, қос команда 22-23 сәуір күндері Шымкент қаласында қолғап түйістіреді. 22 сәуір күні 49, 56, 64, 75 , 91 келідегі боксшылар жұдырықтасады. Ал 23 сәуірде 52, 60, 69, 81, +91 келідегі спортшылар өзара сынға түседі. Журналистердің сұрақтарына жауап берген команда жетекшілері додаға сақадай дайын екендерін жеткізді.

Айта өтейік, венесуэалалықтар осы маусымда «Раша боксинг тим», «Рафако Гусар Поланд»,«Аргентина Кондорс» клубтарымен кездесті. Маусым қорытындысында венесуэлалықтар екінші орын алып, тек ресейліктерге көш басын беріп қойды. Кездесу сағат 21:30 жеңіл атлетика манежінде өтеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz