//
Халық жаңалығы 

Бал жәрмеңкесіне келіңіз

Бір келі бал сатып ал да, сыйлыққа ие бол. Мұндай мүмкіндікке «Омарташы Калашников» шаруашылығы өнімдерінің көрмесінен қол жеткізе аласыз. Шымкентке таза табиғи жағдайда әзірленген ресейлік бал мен тосап мол жеткізілген.

Бал жәрмеңкесіне келіңіз

Тіл үйіретін тәтті балдан дәм татып, талғамыңыздан шығып жатқан жағдайда ғана оны сатып алуға болады. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар тұтынушылар үшін пайдалы өнімнің кең таңдауын ұсынды. Алтай мен Башқұрт елінен келген мамандар әселдің 50-ден астам сұрпын жинапты. Олардың барлығы «Әл Фараби» сауда кешеніндегі жәрмеңке сөрелерінен табылады.

Диана Хамидулина, тұтынушы: “Бұл жәрмеңкені жыл сайын тағатсыздана күтемін. Себебі, мұнда ұсынылған бал ерекше емдік қасиетке ие, сондай-ақ, өте дәмді. Барлығынан дәм татып көрдім, барлығы өзіндік хош иісімен еркешеленеді. Дегенмен, мен жөке балына тоқтадым, дәмі өте ерекеше екен. Сіздерге де кеңес беремін.”

Сатушы Алинаның жәрмеңкедегі жұмысы қарбалас. Денсаулыққа пайдалы әселді талғамына қарай таңдап жатқан тұтынушылардың қарасы қалың. Сатушы өнімнің сұрпын тәптіштеп түсіндірсе болды, қалғаны көпшіліктің өз еркінде.

Алина Бурматова, сатушы-кеңесші: “Жөке ағашының әселі тәтті ғана емес, ауру-сырқаудың алдын алады. Ал патшалық мақпал деген бал – жүйке жүйесіне ем. Түйебұршақ жұпар иісімен ғана қызықтырмайды, ол жүрек ауруларына жақсы. Қарақұмық әселі иммунитетті жоғарылатып, денедегі суықты алады. Біз барша қала тұрғындарын бал жәрмеңкесіне шақырамыз. Шымкенттіктер үшін арнайы акцияны да қолға алып отырмыз. Яғни, өзіңіз қалаған 1 келі әселді сатып алсаңыз, біз тұтынушыға хош иісті тағы бір келі балды сыйға тартамыз.”

Жәрмеңкенің сәні бұл ғана емес – сөреге табиғи таза тосаптар да қойылған. Тәттіге құмарлардың қатарында балалардан бастап ересектер де бар. Әрқайсысының таңдауы әрқилы. Дегенмен, жаныңыз қалаған дәмді дәл осы жерден табасыз. Айта өтейік, бұл жәрмеңке 11 сәуірге дейін жалғаспақ. Табиғат сыйынан сіз де құр қалмаңыз.

Дана Тұрғынова

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz