Балықты тоқпен аулағандар ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 7 сәуір мен 30 мамыр аралығында өтіп жатқан рейдтің мақсаты — облыс аумағындағы браконьерліктің жолын кесу, табиғатты қорғау бойынша заң бұзушылықтың алдын алу, балық ресурстарын, су жануарлары мен өсімдіктерді қорғау.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Рейдтік іс-шараға жүзден аса полицей мен табиғатты қорғау инспекторлары жұмылдырылды. Тексерудің алғашқы күндері тәртіп сақшылары 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады және заңсыз балық аулауға қатысты 1 қылмысты іс қозғады.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Балықты тоқпен аулаған кісі

 

Нақты айтқанда, 12 сәуір күнгі рейд кезінде Отырар аудандық жергілікті полиция қызметкерлері Ақсу өзені жағалауында рұқсат етілмеген құралмен заңсыз балық аулап жүрген жерінен 1982 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Ол тоқпен балық аулап жүрген жерінен қолға түсіп отыр. Браконьерден үрмелі қайық, аккумулятор, ток көбейткіш құрал және 2,5 келіге жуық ауланған балық тәркіленді.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Бұл факті Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 335-бабымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарлары немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер, сонымен қатар, 8 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 60 мың теңгеден көп мөлшерде айыппұл салды.

Пікір қалдыру

2 пікір - "Балықты тоқпен аулағандар ұсталды"

Маған хабар беру:
777

Балықты тоқпен ауласа, майда шабақтардың көздері мен ішек — қарындары жарылып жаппай қырылады. Кездейсоқ тірі қалғандары ұрпақ бермей, мутацияға ұшырап жарымжан боп қалады. Ал тірі қалғандары стресске ұшырап, жұлындарынан улы заттар бөлініп еттерінің сапасы бұзылып, жарамсыз күйге түседі. Ал мұндай балықтарды пайдаланған адамдар түрлі кеселдерге ұшырайды. Тіптен түбі ракқа да айналып кетеді. Сондықтанда мұндай жыртқыштыққа барып, табиғат заңы мен жаратылысқа, жалпы адамзатқа қатер төндіруші ретінде тоқпен балық аулаған адам кейпіндегі хаюандарды өте қатаң жазамаен жазалау керек!

Мұса пайғамбардың заманында балықтар уылдырық шашатын, аңдар мен құстар көбейетін көктем айларында, және ораза мен құрбан айттары кезінде аңшылық пен саятшылыққа салған тиымды бұзғандарды Алла Тағала үй шошқалары мен маймылдарға айналдырып жіберген. (Құран – Кәрім. 5 Мәйда сүресінің 60-62 аяттары) Сондықтанда шошқа мен маймылдардың етін пайдалану харам деп саналған.

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР