Базарларда тоңазытқыш бар ма?

Күнделікті тамақ өнімдерінің сапасы қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Әсіресе ет, сүт және балық өнімдерін саудалайтын базарларда мұздатқыштың бар-жоғы өзекті сауалға айналғанын айтады. Біздің түсірілім тобы Шымкенттегі бір базарда болып, сөрелерге шығарылған өнімдердің сақталу жағдайымен танысып қайтты.

Базарларда тоңазытқыш бар ма?

Бұл — «Айна» базарындағы сүт өнімдерін саудалайтын павилион. Роза Қарабаева мұнда 12 жылдан бері құрт, сүзбе, қымыз, қымыран және сүт өнімдерін саудалайды. Өзі сатқан ағарғанның әр түріне кепілдік береді.

Аптап ыстықта тез бұзылатын өнімнің бірі — балық. «Айна» базарында теңіз өнімін сататын бір ғана орын бар. Тұтынушылардың сөзіне сенсек, өнімі балғын әрі сапалы.

Жасыратыны жоқ, бұл базардағы ет павилионы қаладағы ең ірі сауда орнына жатады. Аудандардан жеткізілетін еттің басым бөлігі осында саудаланылады. Себебі 100 тонналық мұздатқыш орнатылған. Бұл — базар басшылығының жауаптылығынан туындаған дүние.

«Айна» базарындағы жағдай осындай. Ал алып мұздатқыштың аптап ыстықта қалай жұмыс жасайтынын уақыт көрсетеді.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР