Бейнекамераның көмегімен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық ашылды

Шымкент қаласының полицейлері бейне-бақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 67 қылмыс және 13 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегін әшкереледі. Қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы 2006 жылы іске қосылып, қоғамдық тәртіп пен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында түрлі басқарма, бөлімдерімен бірлесе жұмыс атқарып келе жатқанына 10 жыл толып отыр.

Бейнекамералардың көмегімен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық ашылды

Бүгінгі таңда көп деңгейлі залдар, соңғы компьютерлік техгнологиялар, сыртқы бейнебақылау камералары және басқа да техникалық құрылғылар — жедел басқару орталығының еншісінде.  Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы бойынша 242 сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылған. Оларды жедел бақылау орталығының мамандары бақылап, басқарып отырады.

Бейнекамералардың көмегімен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық ашылды

Заманауи талаптарға сай бұл камералардың 220-сы 360 градусты қамтып, айнала алады. Кезекшілер полицейлермен тығыз байланыста отырады. Орын алған қылмыстар және құқық бұзушылықтарды, іздеуде жүрген күдіктілерді және басқа да жедел ақпараттарды полицейлерге хабарлап отырады.

Бейнекамералардың көмегімен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық ашылды

Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша жол-патрульдік полициясы полкінің 17 стационарлық бекеті жұмыс атқарады. Олар да жедел басқару орталығымен біріктірілген 120 сыртқы бейнебақылау камерасын қадағалап отырады.

2016 жылдың басынан бері сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орындарда жасалған 67-ге жуық қылмыс анықталды. Оның ішінде 37 бөтеннің мүлкін ұрлау, 5 тонау, 4 бұзақылық, 3 автокөлік ұрлығы және оннан астам басқа да қылмыстар бар.

Бейнекамералардың көмегімен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық ашылды

Сондай-ақ 13616 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 548 ұсақ бұзақалық, 28 қоғамдық орындарда алькоголді ішімдік ішу, 7470 жеке және қоғамдық автокөлік жүргізушілері тарпынан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі және 5000-нан астам басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бар.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР