Дін істер басқармасына басшы тағайындалды

704

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына Батырбек Жалмұрзаев тағайындалды.

Батырбек Жалмұрзаев
Батырбек Жалмұрзаев

Батырбек Қаратайұлы 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 1973 жылы Ақтөбе ет комбинатының жұмысшысы болып бастаған. 1980-1990 жылдары Ақтөбе облысы Ембі стансасы теміржол торабы комсомол комитетінің хатшысы, Мұғалжар аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болған. 1995-2007 жылдары Түлкібас ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешен, әлеуметтік реформалар мониторингі, қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімдерінің меңгерушісі, ОҚО ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармаларының басшысы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың ақпан айынан бастап ОҚО дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етіп келді.