Енді қала тұрғындары да кәсіпкерлік несиелерді ала алады

777777777777777777777777Биылдан бастап «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қалалық елдімекендердегі қатысушыларының да шағын несие алуға өтініш білдіруіне мүмкіндік туып отыр. Бизнеске бет бұрғысы келетіндер 500 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады.

Шымкентте өткен «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстелде жаңа шарттар жан-жақты талқыланды.

Ақбаян Мақұлбекова нәзік жанды бизнесмендердің қатарын көбейтпек. Әсемдік салонын ашқысы келетін кейіпкеріміз шағын несие алу үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына өтінішін білдіріпті. Жалғыз баспанасын кепілге қойып тәуекелге барған келіншек кәсіптің бұл түрінен еселеп пайда табуға болады дейді.

Жұмыспен қамту мәселелері мен отандық бизнеске жасалып отырған мүмкіндіктер қызу талқыланды. Кәсіпкерлікке бет бұрып, өз ісін ілгерілеткісі келетін шымкенттіктер сала мамандарымен кеңесіп көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Бизнес қауымдастығының өкілдері «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларына енгізілген жаңа талаптарды егжей-тегжей түсіндіріп берді.

Шағын несиеге қол жеткізу үшін алдымен қатысушы алдымен кәсіпкерлік мектебінен 10 күн арнайы дәріс алып, бизнес жоспар жасауы тиіс. Салаға жауаптылырдың сөзіне сенсек, облыс орталығында бұл көмекке өтініш білдіргендер қарасы бүгіннің өзінде 70-ке жуықтаған. Жаңа шарт бойынша бағдарлама қатысушылары 500 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР