Іздегенге Солтүстікте жұмыс бар

Күнгейлік ағайынды өзге облыстар жұмысқа шақырады. Биыл бос орын ұсынушы өңірлердің қатары да артып отыр. Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары 200ге жуық маманға орын дайындап қойыпты. Елдің шығысына мұғалімдер мен дәрігерлер, солтүстікке мемлекеттік қызметкерлер қажет.

қалалық жұмыспен қамту орталығы

Қалалық жұмыспен қамту орталығы

Ондағы жауаптылар әр маманға әлеуметтік қолдау жасалып, үймен қамтылады деп уәде еткен. Өзге өңірге аттанып жұмыс істеуге ниет еткендер мен түбегейлі көшіп кететіндердің қатары да артуы мүмкін. Осындай болжам жасаған жұмыспен қамту орталығының мамандары 400-ге жуық шымкенттіктің құжаттарын тіркеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, барлық жұмыссыз азаматтарды бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.

Асылбек Наурызбаев, қалалық жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі: «Бос орындар жәрмеңкесі 29 сәуір күні, орталық саябақта өтеді. Бұл жолы өзге өңірлерден түскен бос орындармен қатар жергілікті жұмысберушілердің ұсынған бос орындарына  мамандар іздейміз. Дәл сол күні Солтүстік Қазақстан облыс мен өзге де аймақтарға аттануға дайын отыз отбасына жолдама беріледі.»

Айта өтейік, жыл басынан бері 8540 азамат уақытша жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 7 785-і жұмысқа орналасып үлгерген. Жұмыспен қамту орталығына күніне 70-80 бос жұмыс орны туралы мәлімет келіп түседі. Ал орталықта күніне 100-ге жуық шымкенттікке қызмет көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР