//
Жаңалықтар 

Күнгейлік қолөнерші тәуелсіздікке тарту жасады

Күнгейліктер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту жасап жатыр. Мерейтой құрметіне жерлесіміз, әйгілі суретші, қазақи қолданбалы өнердің хас шебері Құттыбек Жақыповтың өнер-жинағы жарық көрді. 184 беттен құралған кітап жобасының авторы – журналист Күлия Смайылханқызы Айдарбекова.

13081654_830569087049067_612673791_n

13059857_830569053715737_513401799_n

12596006_830569067049069_929983524_n

Құттыбек Жақыпов
Құттыбек Жақыпов

22efc639dd4813ace721284a5716dca4

18ceaa40f433dbdf1f01d8a70f0c1e7e

64a11fb71130ab2ed75c2ecf9c376329

c7446a825ce8050b580c407c33626cbd

3a08e9d015598308f5ce332ddacc5614

bdf628be04980222fe6fbe9e9f20c1ca

Ұлттық мұражай басшысы - Дархан Мыңбай
Ұлттық мұражай басшысы – Дархан Мыңбай

13023660_830569120382397_681207698_n

f68fe2ce007334c4811d7cc35b21e9f6

Жаңа туындының тұсауы  Астана қаласындағы ұлттық мұражайда кесіліп, қалың оқырманға жол тартты. Сондай-ақ, бас мұражайда Құттыбек Тыныбекұлының “Ғасырлар үні” атты көрмесі ашылды.

Онда өнер иесінің 33 жылдан бергі еңбектері топтастырылып, көпшілік назарына ұсынылып отыр. Қазақтың төл өнері мен елдің тағдыры көрініс тапқан фольклорлық-мифологиялық сарындағы гобелендерді тамашалаушы тұрғындардың қарасы қалың. Ұлттық мұражайдың басшысы Дархан Мыңбай жаңа жинаққа оң бағасын беріп, қолөнершіге шығармашылық табыс тіледі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz