Күнгейлік диқандар жаңа технологияны жатырқамады

Өңірде мақта егу науқаны басталғалы шаруалар жер жыртудың үйреншікті әдісінен бас тартып отыр. Есесіне мақта шитін терең қопсыту технологиясын меңгеріп, өңделген егіс алқаптарын пайдалануда. Бұл әдіс жер қыртысында жылдар бойы пайда болған шөгінді тұздар мен зиянды заттардың қабатын жойып, өсімдік тамырының еркін жайылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл тұқым егумен қатар арам шөптер мен зиянкестерге қарсы күрес шараларына да жаңашылдық бар.

Жаңа технология бойынша тырманың тісі жердің қыртысын 60-70 сантиметр тереңдікке дейін қопсытады. Қалмырза Бейсенбаев басқаратын ауылдық тұтыну кооперативі биыл 2 мың 800 гектар жерге осындай жаңашыл тәсілмен шит септі. Жерге соқа салған жоқ. Тек қопсытуға аз ғана шығын жұмсады. Шаруалар мұндай әдіс мақтадан мол өнім жинауға негіз болады деп отыр.

 

Мол өнім алу, сондай-ақ, тұқымға да байланысты. Үкімет қаулысына сәйкес енді биылдан бастап мақтаның жоғары сұрпын еккен шаруалар ғана субсидия беріледі. Өңір шаруаларымен кездесу барысында ауыл шаруашылығы министрі осы мәселеге айырықша тоқталды.

Асылжан Мамытбеков, ауыл шаруашылығы министрі: «Бірінші, репродукциялы тұқымның қажеттілігін толық өтейтіндей етіп өзгертпекпіз. Және де 50-70 пайызға дейін ұлғайтпақшымыз субсидиялау нормасын. Егер 100 теңге шығынданса, соның 70-ін бюджет қайтарып отырады».

Шардара қоймасы мен Көксарай реттегішіне жиналған судың көлемі биыл 7 млрд 200 миллион текше метр. Бұл су Сырдың төменгі сағасындағы Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысының ауы лшаруашылығы жерлерін суландыруға жетіп қалуы керек. Бұдан бөлек көрші Қырғызстан мен Өзбекстанның аумағы арқылы «Достық» каналына құйылатын ағын су мөлшері де жылдағыдан кем болмайды деген болжам бар.

Ислам Әбіш, су ресурстары комитетінің төрағасы: «Былтырмен салыстырғанда Тоқтағұл су қоймасында 2 миллиард текше метр су көп жиналған. Ал Қайраққұмда былтырғы көлемдегідей жиналып тұр. Осы көзқараспен қарағанда биыл дихандарымызға су тапшылығы болмауы керек».

Зиянкестерге қарсы күрес шаралары да биыл жаңашылдықпен жүргізіледі. Биофабрикада мақтаның жауы болған құрт-құмырсақаларды теріп жейтін көбелектер өсіріліп жатыр. Биыл 60 мың гектарға тарта мақталық алқапта осындай биотәсілмен өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР