Кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед мінгізді

Ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер бағасы 38 мың теңге тұратын су жаңа 4 велосипед сыйлады.

Екі дөңгелекті көлікке ие болған мамандар енді жабайы сауда нүктелерін ауыздықтау оңай болатынына сенімді. Өйткені соңғы кезде қаламызда ретсіз сауда жасайтындардың қатары қалыңдаған және олармен күресу қиынға соғып отырғанын да жасырмайды. Сондықтан, атқарылатын жұмыс тез әрі нәтижелі болар деген үміт басым.