«Karlskrona» компаниясында екінші зауыт ашылады

533

«Karlskrona» – сумен жабдықтау, суды дайындау, жылыту, кәріздендіру саласындағы сұйықтық ағындарын басқару бойынша шешімдер, сондай-ақ түрлі технологиялық үдерістерінің саласында жұмыс істейтін инжинирингтік rомпания. «Karlskrona», сондай-ақ, машина жасау өнімдерінің кең ассортиментін өндіреді, мұнай, газ, уранды шығару және сумен жабдықтау үшін әмбебап инжинирингтік шешімдерін қолданады. Әлемнің үздік компанияларымен келісімге келіп, шетелдік нарықты да бағындырып үлгерген жетекші серіктестік.

Игорь Дорыленко, «Сервис ККС» ЖШС директоры: «Karlskrona» компаниясы 12 жылдан бері Қазатомпром өндіріс орны және мұнай өңдеу компанияларымен тығыз қарым-қатынаста жұмысжасайды. Осы уақыт аралығында өнімдеріміздің сапалылығына көз жеткіздік. Сол себепті де кепілдік қызметін көрсетеміз. Кепілдікке негіз ретінде заманауи құрылғылар мен кәсіби мамандарды айта аламыз».

Экономикалық тығырықтан шығу серіктестікке қиын соқпаған. Соңғы кездері еліміздегі машина жасау саласына да едеуір септігін тигізіп, тың дүниелерімен таңырқатып отыр. Жуырда электр қуатымен жүретін мотоцикль шығармақ жоспарлары да бар. Өндіріс басшылары жылуды реттейтін жаңа құралдарға да отандық кәсіпкерлердің қызығушылығы оянады деген сенімде. Онымен қоса жыл аяғына дейін іске қосылатын қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың да серіктестік үшін маңызы зор.

Уәлихан Ахметов, «Karlskrona AB» ЖШС бас директоры: «Біздің компания сорғы жабдықтарын, ілмекті арматура басқару-шкафтарын өндіреді. Ұзақ уақыт бойы біз кабель өнімдерін Ресейден сатып алып келдік. Енді қазақстандық өндірушілерден алатын боламыз. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз. Сонымен бірге машина жасау саласын дамытуға да өз септігімізді тигіземіз. Европа, Қытай, Ресей секілді алып елдерден төнетін бәсекелестікті ескеріп, сапасын әрі бағасын өз нарқымызда ұстап тұруға тырысамыз».

«Karlskrona» компаниясы өз клиенттерін жаңа технологиялар тізгінімен қуанта алады. Заманауи құрылғылар базасымен кез келген қиындықты жеңіп, жаңалықтар енгізуден жалықпайды. Компания басшылығы енді Бадам индустриалды аймағынан 3000 тонналық сұйықтық ағындарын шығаратын зауыт ашуды көздеп отыр.

Мекен жайы: Тассай шағынауды, 119-орам, № 105 участок. Тел./факс: +7 (7252) 98 21 14, 98 21 35