Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жыр мүшәйрасы өтті

«Мөлдіреген жыр сезім». Өңірімізде осындай тақырыпта мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жыр мүшәйрасы өтті. Қаламын өміріне серік етіп, жүрек түбіндегі сырды ақ қағазға түсірген ақындар өз шығармашылығын паш етті.

Нұрлан Рүстемов — І топ мүгедегі. Алты жыл бұрын қос бүйрегіне күрделі ота жасатқан. Ем қонбай, қазір жасанды дүниенің көмегімен күн кешіп жүр. Мүшәйра қатусышларының қатарынан табылған кейіпкеріміздің айтуынша, қоғамдағы жай-күйге көз жұмбай, оны қаламына арқау етіп жүргеніне 10 жылдан асқан. Сайыс алдындағы дайындығын пысықтауға кіріскен ақын кезекті жыр бәсекесіне «Қазақстаным — елім менің!» атты жыр шумақтарын арқалай келіпті. Мұнысын тәуелсіздіктің торқалы тойына тартуы деп түсіндірді.

Нұрлан Рүстемов

Нұрлан Рүстемов

Нұрлан Рүстемов, ақын: «Әрине, қобалжу сезімдері бар. Себебі, өлең деген — ол жәй ғана жыр емес, өзіміздің жанымыздан туындайтын жыр-перзент! Сондықтан, оқырман қалай қабылдайды мен тәуелсіздіктің жемісін шумақтарыммен жеткізе алдым ба деген ойлар мазалауда. Десе де мен өлеңімде қазақтың кешегі тарихын, хандардың билік құрған жылдары мен саясат, одан соң ел ішіндегі ақындардың уәжін, би-төрелердің жарғыларын жаздым. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын да сөздеріммен өрнектеп айттым, ерекшелігі де осы».

«Мөлдіреген жыр сезім» жыр-мүшәйрасы осыдан бір ай бұрын қолға алыныпты. Шараның көздегені — мүмкіндігі шектеу жандардың жүректүбіндегі сезімі мен бойындағы талантын тасада қалдырмай, оны көпшілікке паш ету. Ел арасында дәріптеу.

«Шалқар-шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінің айтуынша, жабық өткен жыр додасына жергілікті жазушылар одағының мүшелері қазылақ еткен. Және жарысқа қатусыға ниет білдірген жазба ақындарға да арнайы талап қойылыпты.

Мәдина Ермаханова, «Шалқар шабыт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Басты шарт — ақын Оңтүстіктің тұрғыны және мүмкіндігі шектеулі болуы қажет. Одан соң, өлеңдер екі тақырыпта қабылданды. Бірі — Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығын, екіншісі еркін тақырыпты қамтуы тиіс болды. Талаптарға сәйкес ақындардың шығармаларын жинақтадық».

Сонымен, мүмкіндігі шектеулі болғанымен, өнерімен өрлеуді көздейтін жарымжан жандар арасында өрбіген жыр сайыстың бас жүлдесін сайрамдық ақын Нұрлан Рүстемов жеңіп алды.

Биыл 4-рет қолға алынған мүшәйра тек жаны жомарт кәсіпкер демеушілердің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. Оған мүмкіндігі шектеулі 22 қаламгер қатысып, оның 8-і қаржылай сыйлыққа ие болды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР