Мақтааралда газдандыру жұмысы кезең-кезеңімен іске асуда

"Самал - 3" шағынауданына табиғи газ берілді

Мақтаарал ауданында газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Үш мың тұрғыны бар аудан 15 жылдан бері газсыз отырған болатын. 70-жылдары толық газдандырылған ауданның елдімекендері қайта кұру жылдары көгілдір отыннан ажыратылған.

Содан бері қараусыз қалған құбырлар тас-талқан боп, крандар да қирап қалған. Табиғи газдың экономикалық тиімділігін ескерген жергілікті билік өкілдері соңғы кездері газдандыру жұмыстарын қайта жандандыра бастады.

Көгілдір отынның тиімділігіне әу баста Жаңлыс Жүнісова да күманмен қараған еді. Үлкен үйдің қожайыны бұл қызметке көп шығындаламыз деп алаңдағанын жасырмайды. Уақыт өте келе тиімді екенін түсінген отбасы газға қосылғанына қуанып отыр.

Айта кетейік, елдімекенде әр тұтынушының газға қосылу шығыны 250 мың теңгеге бағаланып отыр. Әуелде жергілікті халықтың табиғи отынға қызығушылық таныта қоймағаны белгілі. Қазір орталықтандырылған газдандыру көзіне қосылуға өтініштер көптеп түсуде деп сендіреді салаға жауаптылар.

Айта кетейік, жағдайы төмен тұтынушылар үшін арнайы бағдарлама бар. Көп қабатты және барак тәрізді салынған үйлердің тұрғындары 67 мың теңге төлеп, табиғи газға қосылуға мүмкіндігі бар. Ауданда мұндай санатқа жатқызылған тұтынушылар саны 500 ден асады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР