//
Малдың жемі үшін адам өлтірді... Оқыс оқиға 

Малдың жемі үшін адам өлтірді…

Облыс полицейлері ашкөздіктің салдарынан болған алған адам өлтіру жайтын әшкереледі. 30 наурыз күні 19:17 шамасында Сайрам аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне аудандық аурухананың дәрігерлерінен суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандар белгісіз азаматтың кеуде тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға келер жолда қайтыс болғанын хабарлаған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Ол – 1978 жылы туған жергілікті тұрғын.

Аталған жайт Сайрам АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты іс қозғалды. Оқиға орнын қараған криминалистер «Зил» автокөлігін және оның салонынан қан дақтарын тапты, ұялы телефонды тәркіледі.

Малдың жемі үшін адам өлтірді...

Тергеу барысында 23 жастағы туысы бір күн бұрын белгісіз біреудің марқұмнан жем сатып алмақ болғанын айтты. Келісіп, жемді жүк автокөлігіне тиеп, Ақсукент ауылына жете бергенде сатып алушылар анықталмаған қарумен марқұмды қорқытып, жүгін беруді талап еткен. Күдіктілерге қарсылық танытқан жігітті олардың бірі атып салған. Содан соң қашып кетіпті.

Малдың жемі үшін адам өлтірді...

Облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полициясы басқармасы және Сайрам ауданының тәртіп сақшылары бірге жүргізген іздестіру нәтижесінде екі күдіктіні ұстады. Олар 32 және 22 жастағы Сайрам ауданының тұрғындары болып шыққан. Ересегі бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотты болған.

Малдың жемі үшін адам өлтірді...

Айғақ зат ретінде полицейлер 12 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің екі бабымен іс қозғалды. Олар 99 (адам өлтіру) және 287-баптар (қаруды заңсыз иемдену, сақтау және алып жүру).

Малдың жемі үшін адам өлтірді...

Күдіктілер қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz