«Махаббат — бұл тәтті» сайысының жеңімпазы — «Отырар» телеарнасы

15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян сұлу күні. Бұл мереке ресми түрде тіркелмегенімен, Қазақ жастары үшін ғашықтар күні болып, кейінгі жылдары дәстүрлі түрде аталып келеді. Жастардың мерекесіне орай «Ладушки» кондитерлік дүкендер желісі қызықты байқау ұйымдастырды.

«Махаббат- бұл тәтті» сайысына бес команда қатысып, өнерлерін паш етті. «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Қазақстан» газеті, облыстық әзіл-сықақ тетары мен облыстық оқушылар сарайының ұжымы өздерін бұл жолы басқа қырынан танытты.

Түрлі мамандық иелері сайыс басталысымен өнерден кенде еместігін бірден байқатты. Бір ұжым әннен шашу шашса, енді бірі сахналық көрініспен шараның көркін аша түсті. Ең бастысы, түрлі гүлдерді пайдалана отырып, тәтті торт дайындап, оны безендіруде бар шеберліктерін ортаға салды.

Сайысқа қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасы «Отырар» телеарнасы командасының креативті қойылымы мен өнерін бағалап, бірінші орынға лайық деп тапты. Осылайша ұжым мүшелері 60 мың теңгенің сертификатына ие болды. Сонымен қатар шарада Баян сұлу мен «Қозы көрпешті анықтап, сыйлықтар табысталды. Ерекше сайыстың телевизиялық нұсқасын алдағы күндері арнамыздан тамашалайтын боласыздар.


Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР