Мекемтас Мырзахметұлы: «Мәңгілік елдің» қалыптасуы үшін Абайды тану қажет»

Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін алдымен Абай ілімін тану қажет. Бұл жөнінде абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы оқырмандармен өткен жиында айтты.

Қаламгердің сөзінше, Абай мен өзге де алаш жазушыларының шығармашылығы мұны әлдеқашан зерттеп, елге дамудың даңғыл жолын көрсеткен. Тек ол қазір толық зерттеліп-зерделенбей жатыр.

Гүлзира Оразбаева орталық кітапханаларға жиі бас сұғады. Студент Қаламгер Мекемтас Мырзахметұлының шығармашылығымен, оның ішінде Абайдың «Толық адам» ілімімен танысуды көздейді. Жоғарғы оқу орнында тарих мамандығын меңгеріп жүрген студент мұнысын елдің өткені мен бүгінін бағамдаумен сабақтастырады.

Гүлзира Оразбаева, студент: «Мен 2 жылдан бері М.Мырзахметұлының шығармаларын оқып, ізденіп келемін. Абайдың өміржолы мен ұстанған қағидаларын да түсініп оқыдым. Жуырда жазушының тағы да екі кітабы жарық көрді ғой, оны да түгелдей оқыдым. Менің ойымша, М.Мырзахметұлының өзге зерттеушілерден ерекшелігі де осы — түсінікті тілде, жастар үшін ұғымды мағынада ұсынады».

1989 жылы «Абай» туралы диссертациясын үлкен еңбекпен, қоғамдағы теріс көзқараспен күресе отырып қорғап шыққан Мекемтас Мырзахметұлын оқырман ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреты ғана емес, ең бастысы, абайтанушы ретінде жақсы таниды. Қаламгер көпшілікпен өткен кездесуде дана тұлғаның шығармаларын зерттеу кемшін екенін тағы айтты. Абайдың ілімі әлі толық зерттелмей келеді, ал Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын мемлекетте қалыптастыру үшін алдымен ұлы ақынның табиғатын түгелдей зерделеп алған жөн дейді ғалым.

Мекемтас Мырзахметұлы

Мекемтас Мырзахметұлы

Мекемтас Мырзахметұлы, Абайтанушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты: «Мен өз еңбектерімді қайта қарап, қайта жазу ойымда бар. Абай танымы, оның «Толық адам» ілімі туралы тағы зерттеу қажет. Оны қағаз бетіне түсіру маңызды. Сол өткен ғасырларды толық білмей жатып, біз болашаққа қадам жасай алмаймыз ғой. Тарихты тану үшін Абайды тану қажет алдымен! Бұл — талап! Мемлекет үшін, оның саяси-экономикасы дамуы үшін де тарих-шежіренің алар орны ерекше!»

55

Айта өтетін ақпар, М.Мырзахметұлы кітап көлемі жағынан Әуезовтің еңбегінен де асып түскен. Профессордың айтуынша, Абай мұрасына арналған ғылыми зерттеу-еңбектерінің саны — 50. Олардың әрқайсысы кемінде 2000 данамен жарық көріпті. Автор мыңдаған ғылыми жинақтарының жарық көруі үшін өзінің тірнектеп тапқан 30 миллион теңгесін жұмсағаны есімізде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР