«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың бұйрығымен «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Болатбек Қыстауов тағайындалды.

Болатбек Қыстауов

Болатбек Қыстауов

Болатбек Дүйсенбекұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы  экономист және зоотехник.

Енбек жолын 1990 жылы  «Күйік» асыл тұқымды қой зауытының асыл тұқым бөлімінде есепші болып бастағын. 1995 -1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің экономика басқармасының жетекші маманы, 1996-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасында бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 2002-2004 жылдар аралығында Төлеби аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2004-2009 жылдар аралығында Қазығұрт аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі,  2009-2012 жылдар аралығында Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылғы сәуір айынан бастап Қазығұрт ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР