//
Еркеғали Әлімқұлов Жаңалықтар 

ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы тағайындалды. Бұл лауазымды енді Еркеғали Әлімқұлов атқарады.

Еркеғали Әлімқұлов
Еркеғали Әлімқұлов

Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, тауарлар нарығын мониторингілеу басқармасының бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы бастығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2013 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарып келді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz