//
Оңтүстікте асфальт және битум зауыты ашылады Жаңалықтар 

Оңтүстікте асфальт және битум зауыты ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар өз деңгейінде жүруде.

Мәселен, жергілікті кәсіпкер Жалшыбек Шүменов өңірдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен бизнес-жоспарын әзірлеп, қолдануға дайын асфальт шығаруға бағытталған зауыт салуда.

Оңтүстікте асфальт және битум зауыты ашылады

Жаңа жобаның жүзеге асуы отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және дағдарыс кезінде еліміздің экономикалық тұрақтылықта болуына септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында асфальт шығаратын жаңа зауыттың құрылысы жүруде. Зауыт  2016 жылға өндірістік жоспары бойынша ірі түйірлі асфальттан 7 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алған жылына 30 мың тонна асфальт шығаруды көздеп отыр. Болашақта 21 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап қойған өндіріс орны мемлекеттік акт алған соң толық іске қосылатын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz