//
Жаңалықтар 

Оңтүстікте мал етін экспорттау жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт түлік малдың етін өңдеу 2,5 есеге артады. Шілдеде мал етін халықаралық деңгейде өңдейтін ірі зауыт ашылады. Бұл отандық мал өнімдерін экспортқа шығаруға үлкен мүмкіндік бермек. Бұл туралы аймақ әкімі Бейбіт Атамқұлов “100 нақты қадам” ұлт жоспарының орындалуы туралы өткен брифингте айтты.

Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі: “Бізде шаруалар көп. Солардың басын біріктіріп, өнімін алып, экспорттайтын комбинат болу керек. Біз осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында екі ет өңдеу комбинатын іске қосып, ұсақ мал етін өңдеуді ұлғайтуды көздеп отырмыз. “Қайыпата” ЖШС және “Agro kamf group” серіктестіктері іске қосылады”.

Биыл өңірде құс етін өңдеу көлемін төрт есеге арттыру мақсаты тұр. Сондықтан үш бірдей құс өсіру кешенін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, екі ет өңдеу комбинатын іске қосып, ірі және ұсақ мал етін өңдеуді екі жарым есеге арттыру жоспары тұр.

Аталған өндірістерді іске қосу облыстың ет өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Иран елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Көрші мемлекеттерге экспортқа шығу үшін заманауи осы әлемге сай жабдығымен сондай зауыт салуымыз керек.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz