«Ордабасы» клубы «Жетісудан» басым түсті

Кешегі демалыс күндері премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Үшінші турдың кездесуінде Шымкенттің «Ордабасы» командасы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасынан 1-2 есебімен басым түсті.

"Ордабасы" клубы "Жетісудан" басым түсті

Фото: // fc-zhetisu.kz

Бұл кездесу 1-2 есебімен шымкенттік футболшылардың пайдасына аяқталды. Есеп 25-минутта ашылды. Қонақтардың шабуылшысы Эдин Юнузович біріншіліктегі кезекті голын соқты. «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев қарсыласын алдап өтіп, алаң иелерінің айып алаңына кіреді. Әріптесінің шығарған пасын Эдин Юнузович тоқтатпай теуіп, алаң иелерінің қақпасынан бір-ақ шығарды.

Мұны күтпеген «Жетісу» футболшылары бір сәтке абдырап қалды. Ары қарай өздеріне келгенше қонақтар есепті еселеп кетті. «Ордабасының» қақпашысы Бойченко допты қатты теуіп, алға шығарады. Эдин әуеден келген допты баспен ары қарай жалғап, өз капитанына пас шығарады. Азат Нұрғалиев алаң иелерінің қорғаушысы Азовскийдің қарсылығына қарамастан допты алдынан шыққан қақпашы Шабановтан асырып жібереді. Теңбіл доп қақпа бағанасы тиіп, торға домалап кетті. Есеп — 0:2.

Екінші таймда «Ордабасы» сапынан алғашқы нәтижелі пастың авторы Еркебұлан Тұңғышбаев екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды. Бірақ, бұған қарамастан қонақтар үш ұпайды сақтап қалды. Алаң иелері тек қарымта бір ғана доп соға алды. Ойынның 90-минутында Кадио қақпа маңдайшасынан кері серпілген допты іліп алып, гол соқты. Қорытынды есеп — 1:2.

Айта кету керек, «Ордабасы» бұл ойынды бас бапкерсіз өткізді. Еске сала кетсек, шымкенттіктердің бас жаттықтырушысы Бахтияр Байсейтов екінші турдағы ойын барысында алаңға шығып кеткені үшін екі ойынға шеттетілген болатын.

«Жетысу» (Талдықорған) — «Ордабасы» (Шымкент) — 1:2 (0:2)

Голдар: 0:1 Юнузович, 25, 0:2 Нұрғалиев, 38, 1:2 Кадио, 90.

«Жетісу»: Шабанов, Әмірсейітов, Азовский, Кляйн, Джалович, Кадио, Моисов (Симоновски, 46, Сағындықов, 72), Тұрысбек, Калинин, Рудик (Демель, 46), Савич.

«Ордабасы»: Бойченко, Симчевич, Трайкович, Абдулин, Сүйімбаев, Диакате, Чатто, Тұңғышбаев, Нұрғалиев, Касалица, Юнузович.

Ескертілгендер: Симчевич, 27, Рудик, 28, Тұңғышбаев, 53. Бойченко, 80.

Алаңнан қуылған: Тұңғышбаев, 67 (екінші ескерту)

Төрешілер: Александр Алиев (Алматы), Евгений Бельский (Тараз), Денис Виноградов (Петропавл).

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР