//
Жүк көліктері. Жеміс-жидек керуені Жаңалықтар 

Ресейліктер Оңтүстіктің көкөнісіне қызығып отыр

Ресейдің Хабаровск, Новосібір, Барнауыл, Красноярск және Татарстан өңірлері Оңтүстіктің көкөнісі мен жеміс жидек өнімдеріне қызығушылық танытуда. Бүгін көрші елдегі сауда желісін құрған кәсіпкерлер жергілікті шаруашылық жетекшілерімен кездесіп, бірге жұмыс істеудің жолдарын қарастырды.

Ресейліктер Оңтүстіктің көкөнісіне қызығып отыр

Бұл басқосуға ұйтқы болған – ОҚО кәсіпкерлер палатасы. Бүгінде күнгейде 2500-дей шаруашылық нысандары жұмысын жүйеге қойған. Көкөніс, бақша өнімдерін өндіретіндері де баршылық. Қазір жұмыстың қызған шағы десек, енді 1 айда өнімдерін саудалауға шығады. Осы тұрғыда көрші елдің кәсіпкерлері ұсынған серіктестік қажет-ақ.

Ресейліктер Оңтүстіктің көкөнісіне қызығып отыр

Бірақ оны бастау үшін көпке ортақ бір қауымдастық құрсақ дейді шаруалар. Сонда нақты жүйе қалыпстасар еді. Ал ресейліктер бұған дейін байланысты Алматы мен Талдықорғандық кәсіпкерлермен түзген екен. Сол тәжірибе негізінде жыл он екі ай жергілікті тауарларды сауда желісі арқылы Ресей қалаларына өткізбек. Бұл ретте құжаттарды рәсімдеудің жолдарын оңтайландыру керегі де айтылды бұл жиында.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz