Сабина Олимпиада ойындарына барады

Оңтүстік Қазақстан облысының қоржыны Олимпиадаға берілген тағы бір жолдамамен толықты. Көркем гимнастикадан Бразилияда өткен жарыста жерлесіміз Сабина Әшірбаева 69,500 бал жинап, бірінші орыннан көрінді.

Сабина Әшірбаева да Әлияның ізін басады деген үміт бар

Сабина Әшірбаева да Әлияның ізін басады деген үміт бар

Жолдама иесі атанған Сабина енді Олимпиадаға дайындығын бастайды

Жолдама иесі атанған Сабина енді Олимпиадаға дайындығын бастайды

Шымкенттік бойжеткен Австрия, Германия, Италия мен Финлияндияның гимнасшыларынан да үздік танылған. Естеріңізге салайық, Азияның абсолюттік чемпионы Алия Юсупованың баспкерлігімен жарыстарға дайындалып жүрген Сабина Азия ойындарында жүлделі болған еді. Бүгінде еліміз бойынша жекелей сынақта Олимпиада жүлдесіне үміткер жалғыз гимнасшы — осы Сабина. Облыс үмітін ақтаған жерлесіміз үшін бұл алғашқы Олимпиада. Енді ол Риода қайта топты жару үшін тыңғылықты дайындыққа көшеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР