«Самал» базарының жанында әйелді жүк көлігі қағып кетті

223

Шымкентте «Самал» базарының жанында қайғылы жол апаты болды. Рысқұлов даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында әйел кісіні жүк көлігі қағып кетті. Марқұмның жасы 50 шамасында.

"Самал" базарының жанында әйелді жүк көлігі қағып кетті

Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез жетті. Марқұмның қолында сөмкесі бар. Дегенмен, құжаты жоқ. Куәлер бұл азаматшаның жолаушыларға арналған жолақ жоқ жерден өтпек болғанын айтады. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүре бастаған жүк көлігі оны басып кетіпті.

Алматыдан келген жүк көлігінің жүргізушісі аңырап тұрып қалған. Қазір жол-көлік оқиғасын полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.