Сарыағашта жаңа мектеп ашылды

904
Сарыағашта жаңа мектеп ашылды

Сарыағаш ауданындағы апатты мектептердің саны азайып келеді. Мақташы ауылында бой көтерген жаңа мектепте іргелес жатқан үш ауылдың балалары оқиды. Замануи үлгіде жабдықталған білім ордасына оқушылардың қатынауы да оңайға түскен.

Жаңа үлгідегі мектеп қабырғасында оқу бұйырған балалардың қуанышында шек жоқ. Кең әрі жарық сынып бөлмелерінде сабақ алуға олар асыға келеді. Бұл мектепте 600-ге жуық бала білім алса, оның тең жартысы Мақташы ауылына жақын ауылдардың балдырғандары.

Сарыағашта жаңа мектеп ашылды

Мектептің кітапхана қоры да бай. Мыңнан аса туынды оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалануға, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Информатика бөлмесі де қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ғимараттың бірінші қабатындағы спорт залда түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

Мақташы ауылындағы 600 балаға шақталған мектеп республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа салынған. Кепілдік мерзімі – 5 жыл. Осы уақыт аралығында қандай да бір ақаулар орын алса, мердігер өз есебінен жөндеп беруге дайын.

Шынар Оразова