//
Жаңалықтар 

Шетелдіктер Оңтүстікте қоқыс өңдейтін зауыт салады

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Сингапур жəне Малайзия инвесторларымен кездесті. Онда облыстағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату бойынша салынатын қоқыс зауыты жобасын іске асыру жайы қаралып, аталған инвесторлармен меморандум түзілді.

investor

Бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі экологияны сақтап, жақсартуда, «Жасыл экономика» мен қалдықтарды басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруда өзекті тақырып болып табылады. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін аймақта жаңа технологияларды ендіре отырып, арнайы зауыт салуға қаржы тартылмақ.

Оңтүстік Қазақстанда тәулігіне 1600 тонна қоқыс шығарылса, оның 20 пайызы органикалық, 80 пайызы қатты тұрмыстық қалдықтар болып есептеледі. Өңірімізге жұиыс сапарымен келген мәртебелі меймандар Шымкент қаласында өтіп жатқан «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысып, өзге де жобалармен танысады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz