//
Шымкент аграрлық колледжі - үздік ондықта! Жаңалықтар 

Шымкент аграрлық колледжі – үздік ондықта!

Оңтүстiк Қазақстан облыстық бiлiм басқармасына қарасты Шымкент аграрлық колледжi Қазақстан бойынша үздiк деп танылған 10 колледждiң сапына енiп отыр. Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сай саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн базалық университеттер мен колледждердi көбейту көзделген. Сол жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарды сараптай келе Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтiң бұйрығымен Шымкент аграрлық колледжi үздiктер қатарына енiп отыр.

Шымкент аграрлық колледжі - үздік ондықта!

Айта кету керек, Қазақстан Президентiнiң «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасының экономиканың алты негiзгi саласы үшiн алдыңғы қатарлы 10 колледж бен 10 жоғары оқу орнында бiлiктi кадрларды әзiрлеу тәжiрибесiн елiмiздiң өзге оқу орындарына тарату жөнiндегi 77-қадамда айтылған тапсырмасына сәйкес үздiк ондыққа енген оқу орындарының бiлiм берудегi әдiстемесi ендiгi жерде өзгелерге үлгi ретiнде ұсынылмақ.

Соңғы екi жылда колледждiң материалдық-техникалық базасы жақсарып, елiмiзге қажеттi техникалық, аграрлық сала мамандарын даярлауда көш бастап тұр. Колледж өз түлектерiнiң толық жұмыспен қамтылуына үлкен мән берiп отыр. Республика бойынша үздiк 10 колледж сапына енiп отырған оқу ордасының ұжымы алдағы кезде де биiк белестерден көрiне берудi мақсат тұтады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz