//
Су сорғыш техника Жаңалықтар 

Шымкент тасыған судан құтылар күн жақын

Жауыннан кейін су астында қалатын көшелер ретке келтіріледі. Бүгін сала мамандары арнайы жобаның әзірленіп жатқанын жария етті.

Су сорғыш техникаАйтуларынша, топан судың астында қалатын Өтегенов көшесіндегі тоғанды жою үшін жұмыс жүргізіліп, жоба жасалған. Егер қаражат бөлінсе, жауын суынының астында қалатын үй тұрғындарының қаупі сейіледі.

Сонымен қатар Арғынбеков, Адырбеков және Шаяхметов көшелеріндегі жауын суы жиылатын аумақ та жаңа жобаның жоспарына ілінген. Жауапты мамандар осы проблемадан біржола құтылу үшін үлкен жобаны қолға алғандарын айтты.

Ерлан Есіркепов, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары: “Қазір үлкен жоба дайындап жатырмыз. Онда екі әдіс қарастырылады. Алғашқысы – осы су баса беретін көшенің бойымен жердің астымен құбыр жіберіп, ары қарай ашық су көзі арқылы Қощқар ата өзеніне қосу. Ал екіншісі – бізде, мынау, үлкен кәріз жүйесінің коллекторы бар – тасыған суды сол коллекторға жіберу. Қазір “Су арнасы” мекемесімен осы мәселені талқылап жатырмыз.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz