Шымкентте үйдің астындағы 40 жыл бұрынғы құбырдан су тасыды

532
Шымкентте үйдің астындағы 40 жыл бұрынғы құбырдан су тасыды

Шымкенттегі Самал – 1 шағынауданындаєы Бектаев көшесі тұрғындарының мазасы қашты. Осындағы үйлердіѕ бірінің астынан су шығып, жұртты әбігерге салған. Бір тәулік бойы жергілікті билік бұрқырап аққан судың көзін таппай әлек болды. Бүгін қала басшылығы төтенше жағдай қызметкерлерімен осы аумақты аралап, ахуалды зерделеп көрді.

Шымкентте үйдің астындағы 40 жыл бұрынғы құбырдан су тасыды

Бір тәулік бойы әбігерге түскен шаһар басшылығы ақыры «Оңтүстік су шаруашылығы» мекемесінің мамандарын шақырды. Осы салада көп жыл бойы еңбек еткен азаматтардың айтуынша, жер астындағы бұл құбырлар 1970 жылдары 21 совхоздың суармалы жеріне тартылған жүйе екен. Кейін аталған аумақ жеке үй салуғаа беріліп кеткен.

«Бұрын дендрари саябағына, одан қалса Самал-3 шағынауданына қарай тартылған қаладағы шайынды судың бәрі осы жүйе арқылы шаһар сыртына шығып кететін.»

Кенеттен жер астынан шыққан су үш үйге зиянын тигізді. Бір сарайдың қабырғасы құлап қалды. Төтенше жағдай қызметкерлері 24 сағат бойы сумен арпалысып, ақыры оның ағысын баяулатты. Осыдан 16 жыл бұрын баспана тұрғызған тұрғындар мұнда құбырдың өткенінен беймәлім болыпты.

Үйдің иесі: «Мен алғашында жер астынан шыққан суды ауыз су құбыры жарылды деп ойладым. Барлық құбырды бекіттім. Бірақ, су көбеймесе, азаймады. Сосын барып барлық жаққа қоңырау шала бастадық.»

Бүгінде қала басшылығы арнайы жұмысшы тобын құрып, орын алған ахуалдың зардабын анықтауда. Бұдан бөлек өзге көшелерде де осындай ахаудың алдын алып, істен шыққан жүйелерді қалпына келтіруге барын салмақ.

Нұрлан Жаңабай