Шымкентте «Әдеби автобус жолға шықты»

535
Шымкентте

Шымкентте «Әдеби автобус» жолға шықты. Қоғамдық көлікпен қаланы аралайтын оқырмандар жол бойы әдеби шығармалардан сыр шертіп, викториналық сұрақтарға жауап береді.

Шымкентте "Әдеби автобус жолға шықты"

 

23 сәуір – халықаралық кітап күніне орайластырылған шараға қатысушылар автобуста тегін жүреді. Ерекше акция облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырып отыр.

Үшінші рет қолға алынып отырған мәдени акция биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр. Облыстық жасөспірімдер кітапханасы игі бастаманың ұйытқысына айналды. Ал жолаушылар әдебиеттен құр алақан еместігін байқатты. Акция кешке дейін жалғасады.