Шымкентте 24 жастағы жүргізуші екі оқушыны қағып кетті

Шымкенттің полицейлері екі баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады. Соның салдарынан бүлдіршін қыз оқиға орнында мерт болды.

жеті көлік соқтығысқан жол апатында адам шығыны жоқ

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 сәуір күні таңғы сағат 08:40-та болған.

Бәйдібек би даңғылының бойында «Мерседес-бенц» көлігін басқарған 1992 жылғы Шымкент тұрғыны жол жүру ережесін өрескел бұзып, 2007 және 2009 жылы туған Сайрам ауданының екі оқушысын қағып кетеді. Жас балалар бұл уақытта жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.

Жол апатының кесірінен 7 жасар қыз оқиға болған жерде көз жұмса, 9 жасар бала жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған.

Полицейлер жан-жақты сараптама жасап, қайғылы оқиғаны тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді. Қылмысты кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР