//
Жол апаты Оқыс оқиға 

Шымкентте 3 жасар баланы көлік басып кетті

Шымкент қаласында 3 жасар баланы жүк көлігі басып кетті. Соның салдарынан сәби ауруханаға барар жолда көз жұмды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлайды.

Жол апаты
Фото: //360tv.ru

Қайғылы жағдай 6 сәуір күні 15:30 шамасында болған. Шымкент қаласындағы Қайтпас-2 шағынауданындағы жол қиылыстарының бірінде «Газ 37053» жүк көлігі 2013 жылы туған сәбиді басып кетті. Жүк көлігінің рөлінде 1969 жылғы жергілікті тұрғын болған.

Ауыр дене жарақаттарын алған сәбиді жедел жәрдем дәрігерлері дереу ауруханаға алып кеткенімен, ол жолда көз жұмды. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері процессуалды шешім қабылдау және жол-көлік оқиғасының орын алу барысы мен себептерін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Түрлі сараптама тағайындалған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалануқағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды. Жүк көлігі ақылы айыптұраққа тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz