Шымкентте бірнеше автобус соғысты

Бірінші мамырдан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды. Алайда жаңа тарифтік жоспардың жүзеге асырылуына екі күн қалғанда қоғамдық көліктердің қатысумен бірнеше жол апаты орын алды.

Шымкентте бірнеше автобус соғысты

Сондай жол оқиғасының бірі Нұрсәт шағынауданында тіркелді. Жолаушыға таласқан үш бірдей қоғамдық көлік жүргізушілері көлікті бағындыра алмай, бір-бірімен соқтығысқан. Үш автобус пен жанармай таситын жүк көлігінің қақтығысынан 3 жолаушы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Шымкентте бірнеше автобус соғысты

Ғани Ілияев көшесіндегі тағы бір жол-көлік оқиғасының басты «кейіпкерлері» — қоғамдық көлікті тізгіндей алмағандар. Жолаушыларды лық толтырып алып, автобус жарысын ұйымдастыратындар саны азаймай отыр.

Шымкентте бірнеше автобус соғысты

Сонымен қатар, №92 және №78 бағыттағы қоғамдық көлік бір-бірімен соғысып қалған. Бұл оқиға да бүгін тіркелді. Ал қала халқы 50 теңге үшін жарысқа түсетін автобус жүргізушілерінен қорқып отыр.

Ғалымжан Кенжебек

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР