Шымкентте имамдар қан тапсырды

340

Оңтүстіктің имамдары қан тапсырды. Сауапты шараға облыстың бас имамы бастаған бір топ басқарма өкілдері, медресе ұстаздары және қажылар мен ерікті азаматтар қатысты. Жылда дәстүрлі түрде қолға алынатын мұндай бастама бұл жолы «Бауырыңа өмір сыйла» атты қайырымдылық шарасы аясында іске асты.

Денсаулығы сыр берген жандарға қан тапсыру арқылы көмек беруді имамдар шариғат үкімі бойынша сүннет амалы болып саналады дейді. Сондықтан сауапты істен бас тартпай, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырады.

vlcsnap-2016-04-26-11h31m03s103

Ахметжан Керімбек, облыс имамы: «Қасиетті Құранда кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Сондықтан, мен де осы шараға мұқтаж бір жанға пайдам тие ме деген ниетпен келдім. Бір адамға болса да көмегім тиіп, жақсылық жасай алсам, сауаптан болатын іс жасадым деп есептеймін.»