Шымкентте тағы бір тұрғын саңырауқұлаққа уланып қалды

18 сәуір күні Шымкенттегі токсикология бөлімшесіне саңырауқұлақтан уланған бір азамат жеткізілді. Бұл — Оңтүстікте соңғы бір айдың ішінде тіркелген 11-ші оқиға. Аурухана түскен азаматтардың барлығы дін аман.

улану, жедел жәрдемМамандардың айтуынша, науқастардың барлығына медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Нәтижесінде өлім-жітімге жол берілмепті. Қозықұйрықтан уланғандардың басым бөлігі Шымкенттегі таксикология бөлімінде ем қабылдауда.

Асылхан Мыңбаев, бөлім меңгерушісі: «Саңырауқұлақтан уланғандардың көбі өнімді базардан сатып алған. Бұл асты тұтынғанда абай болыңыздар дейміз. Соңғы бір айдың ішінде қозықұйрықты жеп, уланған он бір адамға медициналық көмек көрсеттік. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстарғанда уланғандардың көбейгенін байқатып отыр.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР