Шымкентте тігілген аяқ киімге сұраныс көп

Шымкентте аяқ киім шығаратын шағын цехтың тауарына сұраныс артты. Төрт ай бұрын ашылған шағын цехтағы тауарларға сұраныс артып келеді. Аз ғана уақыт ішінде кәсіпорын ерлергеарналған аяқ киімдер тігіп, оны облыс нарығына шығара алды.

vlcsnap-2016-04-20-10h19m51s246

vlcsnap-2016-04-20-10h19m34s51

Жазғы суйретпе, спорттық аяқ киім, туфли. Бұл тауарлардың барлығын Артық Мараимов өзі тігіп шығарады. Шебер бұл іспен бала кезінен айналысқан екен. 90-жылдары аяқ киім шығаратын шағын цех ашқан. Бірақ, қаржылық дағдарысқа төтеп бере алмаған кәсіпорны көп ұзамай жабылып қалыпты.

vlcsnap-2016-04-20-10h19m01s246

vlcsnap-2016-04-20-10h18m40s42

Кәсібін қалайда жандандыруды мақсат тұтқан азамат дегеніне жетті. Бірқатар кедергілерді еңсеріп, қиындықты жеңуге туыстары да көмек берген. Қазір ол ашқан цехта 12 адам жұмыс істейді. Олар 35-тен 45-ші өлшемге дейін 12 түрлі аяқ киім шығарады. Тауар таза былғарыдан тігіледі.

vlcsnap-2016-04-20-10h20m03s99

Төрт ай ішінде шағын цехта шығарылатын бұл тауарды Оңтүстік халқы да танып үлгерді. Ай сайын 200-ге жуық тауар тігіледі. Ең бастысы, аяқ киімдердің бағасы қолжетімді. Алдағы айларда цех басшылығы шымкенттік аяқ киімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне шығаруды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

3 пікір - "Шымкентте тігілген аяқ киімге сұраныс көп"

Маған хабар беру:
777

Адрес кай жерде екен?

Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Қожанов көшесінің қиылысы деген мәлімет бар.

Экологиялық және гигиеналық талапқа сай ұлттық өнімдердің болғанына не жетсін. Оның үстіне бұл өнімдер өзіңнің туған жеріңнен, қалаңнан шығып жатса, қуаныш үстіне қуаныш емес пе? Сапалы жақсы аяқ киім денсаулықтың кепілі болатынын ескеріп, бұл кәсіпорын ортопедиялық институт мамандарымен қоян — қолтық жұмыс істеуі керек. Сонда бұл аяқ киімдердің денсаулыққа пайдасы ұшан — теңіз болмақ. Және кәсіпкерлерге де үлкен пайда әкеледі.

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР