Шымкентте тоқ ұрған бала аман қалды

Шымкентте тоқ ұрған 7 жасар бала аман қалды. Көшедегі арқауға жармасқан Қасым Мамаевты жоғарғы қуатты тоқ ұрған. Бұл туралы 31-арнаның тілшілері хабарлайды.

Абырой болғанда дәрігерлер зардап шеккен науқастың өмірін аман сақтап қалды. Айта кетейік, бұл — бір елдімекеннен осындай жарақат алған үшінші бала.

Тоқ ұрды

Жеті жасар Қасым Мамаевты дәрігерлер бақытты бала деп санайды. Тоқ соққан науқас әрең аман қалды. Оның өмірін сақтап қалу үшін тәулік бойына күрескен ақ халаттылар қазір алаңдауға негіз жоқ деп сендіреді. Бұл — соңғы бір айда Қайнар бұлақ тұрғын үй алабында тіркелген үшінші оқиға.

Имаш Қайрат, облыстық балалар ауруханасының күйік шалғандарды емдеу бөлімінің меңгерушісі: «Таяуда осы ауданнан апалы-сіңлілі екі қыз жеткізілді. Біреуі темірді ұстап алған, екіншісі соны тартып алып шықпақ болғанда екеуінде тоқ ұрған. жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін емделіп шықты.»

Жайсыз жайттардан кейін тұрғындардан да маза кетті. Баланы тоқ ұрғанда сол жерден өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын Синам Мустафаева әлі күнге үрейден арылмай келем дейді.

Синам Мұстафаева, Қайнар бұлақ алабының тұрғыны: «Қарасам, бала жерде жатыр. Алдымен маған оны қызым айтқан. Қасымды тартып шығармақ болғанда оны да тоқ ұрыпты. Содан кейін шеберлерге қоңырау шалдым, олар электр жарығын тез өшіріп тастады. Содан кейін барып баланы алып шықты. Мен бір ай бұрын шағымданғанмын. Балаларымызды тоқ ұруда.»

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын қала аумағына кірген бұрыңғы саяжай алабында электр желілері жаңартылған болатын. Мұндағы халықтың айтуына қарағанда, үп еткен жел тұрса ескі желілер мен жаңа сымдар шатасып, тұйықталып қалады екен.

Ольга Лютикова, Қайнар бұлақ алабының тұрғыны: «Біз қорқайын дедік. Малды тоқ ұруда, адамды тоқ ұруда. Қандай да бір қауіпсізідк техникасын қолға алу керек қой. Әйтпесе мұның соңы жаман жағдайға соқтыруы мүмкін.»

Ал тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің мамандары құрылыс нормаларының сақталмағанын алға тартып отыр. Жауаптылар сымдардың оқшаулануын реттеу жұмысы тұтыну кооперативінің міндетіне кіреді дегенді алға тартады.

Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық тұрғын-коммуналды шаруашылық бөлімі энергетика секторының меңгерушісі: «Біз неше рет жиналыс өткізіп, олардың желісі біздің желілермен араласып жатқанын айттық. Оларға осы желілерді қауіпсіздендіруі тиіс екені де айтылды. Енді олар өз міндеттеріне салғырт қарайтын болса, қайтеміз?»

Өз кезегінде бұл жауапкершіліктен кооператив төрағасы да жалтарды. Осылайша қос тарап бір-біріне сілтеп жүргенде тұрғындар балаларымыздың сабағы үзіліп қалмаса еді дейді. Себебі шәкірттер мектепке бару үшін апат орын алған жермен жүреді. Ал зардап шеккен Қасым Мамаевтың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағымдану үшін арыз дайындап жатқанын айтады. Себебі, басқаша бұл түйткілдіің түйіні тарқатылмайды деп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР