Шымкентте заңсыз саудаға тосқауыл қойыла ма?

Шымкентте құзырлылар заңсыз саудаға тосқауыл қоюға кезекті рет кірісті. Рейд барысында тексерушілер базар маңындағы заңсыз жұмыс істеп жатқан 30-ға жуық дүңгіршекті алып тастады. Оған қоса сол маңайдағы 78 кәсіпкерді әкімішілік жауапқа тартқан.

vlcsnap-2016-04-26-17h00m29s139
Заңсыз сауда жасағандарды жауапқа тартқанмен, олардың бей-берекет әрекеттері тыйылмай отыр. Сондықтан жергілікті билік өкілдері апта саййын базар маңына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте шенеуніктер сауда ісін бастаған азаматтарды нәпақасыз қалдырмау үшін базар ішінен орын беріп, жұмысын ары қарай жалғастыру үшін де мүмкіндік жасауда.

vlcsnap-2016-04-26-16h58m29s203

Серік Нұрманов, Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Қаланың көркін қашырған жабайы базарларды реттесек дейміз. Сондықтан биыл рейд жұмыстарын жүргізуді күшейттік. Заңсыз саудамен айналысқан азаматтарға алдымен ескерту береміз. Құлақ аспаса, шара көруге мәжбүрміз. Әрине, олардың қамын да ойлап, базар ішінен орын алып беру үшін барымызды салудамыз. Мәселен, биыл қырғы базарының ішінен 100-ге жуық кәсіпкердің сауда жасауы үшін мүмкіндік жасадық.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР