//
Шымкентте жас бард әншілерінің алғашқы фестивалі өтті Жаңалықтар 

Шымкентте жас бард әншілерінің алғашқы фестивалі өтті

Шымкентте жастар арасында бард әншілердің І қалалық фестивалі өтті. Кала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл сайысқа 22 жас өнерпаз қатысты.

Шымкентте жас бард әншілерінің алғашқы фестивалі өтті

«Shymkent Bard-2016» фестивалінің негізгі мақсаты – аталған жанрдың жастар арасындағы дамуын қамтамасыз етіп, оларға қолдау көрсету, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Шымкентте жас бард әншілерінің алғашқы фестивалі өтті

Сонымен, фестиваль аясында үздік ақын ретінде Стэлла Сазонова дара шықты. “Үздік орындаушы” номинациясына Стэлла Сазонова мен Диана Бейсенова лайық деп танылса, үздік композитор аталымында Әсел Анетованың мерейі үстем болды.

Шымкентте жас бард әншілерінің алғашқы фестивалі өтті

Сондай-ақ, “Орыс тіліндегі ән мен музыканың толық авторы” номинациясында Александра Исакова мен Игорь Теннің мерейі үстем болды. Қазақ тілінде аталған номинацияда Әсел Анетова жеңімпаз болды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz